Оқытудың инновациялық технологиялары - заман талабы
28.10.2015«Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің онкүндігі аясында 2015 жылдың 27 қазанында бөлім оқытушылары ашық сабақтар өткізді. Арнайы пәндер оқытушысы Касенова Гульбарам Сарсенбаевна 2 ОПП – 114 тобына «Правила эксплуатации и техника безопасности при работе с оборудованием для обработки овощей» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабаққа қатысқан оқытушылар сабақ тақырыбының ауқымды екенін дидактикалық материалдардың кеңінен қолданылғанын, жалпы сабақ жоғары деңгейде өткенін айтып кетті. Сондай-ақ, білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолданды деген пікірлерін білдірді.
Арнайы пәндер оқытушысы Наушабекова Назгуль Анарбековна 3 ОПМ – 213 тобының білім алушыларына «Жеке тұлғаның психологиялық өзгешеліктері. Темперамент және мінез. Зейін» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында оқытушы ойын және оқытудың ақпараттық технологияларын ұтымды қолданып, білім алушылардың сабаққа деген танымдық белсенділігін арттыра алды. Жаңа тақырыпты меңгерту барысында түрлі ситуациялық сұрақтар қойып, білім алушылардың проблемалық сұрақтарды шеше отырып шығармашылық деңгейін қалыптастыруға өзіндік үлесін қосты. Сабаққа қатысқан оқытушылардың пікірі бойынша сабақ тартымды, ғылымилығы мен білім алушыларға түсініктілігі, барлық дидактикалық материалдардың толықтығымен, оқытудың инновациялық технологияларының кеңінен қолданылуымен сабақ жоғары деңгейде өтті деп бағаланды. Өз кезегінде білім ордамыздың тәжірибелі оқытушылары ашық сабақ өткізген оқытушыларға шығармашылық табыс, ұстаздық жолда сәттіліктер тіледі.


Community discussions
Обсуждений не найдено