«Оқыту процесінде білім берудің инновациялық технологияларын енгізу»
28.10.2015 2015 жылдың 27 қазанында колледждің арнайы пәндердің оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлеріне арналған «Оқыту процесінде білім берудің инновациялық технологияларын енгізу» тақырыбында семинар-тренинг өтті. ҒПБАО «Өрлеуден» кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында қатысқан оқытушылар: М.С.Исабеков, Г.Т.Жумабаева, З.К.Мухатов З.К., Б.М.Оразалина, М.Ж.Айтжанова курста жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісінде пайдалану бойынша алған білімдерін презентация және слайдтарды көрсету арқылы әріптестерімен бөлісті.
Әдіскер Н.З.Нығметжанова заманауи оқыту формасы және педагогикалық технологиялар әдісіне тоқтала отырып, өз сабақтарында қолданатын «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының маңыздылығын атап өтті. Директордың ОӘЖ бойынша орынбасары С.Е.Хасенованың ұйымдастыруымен өткізілген «Оқыту процесінде білім берудің инновациялық технологияларын енгізу» тақырыбындағы семинар-тренингісінде барлық қатысушылар арнайы топ құрып, технологияның бір түрін іс-тәжірибеде қалай қолданылатынын көрсетті. Бұл тренинг барлық оқытушыларға кәсіби деңгейін котеруге үлкен мүмкіндік берді.

Community discussions
Обсуждений не найдено