Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорларымен кездесу
15.12.20152015 жылдың қараша айының 14 күні Астана қаласының №59 мектеп – лицейінде 10, 11 сынып оқушылары мен Л.И. Гумилев атындағы Евразия ұлттық универсиетінің оқытушылары, ғалым математиктерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақ ұлттық ғылым академиясының академигі Өтелбаев Мұхтарбай бастаған бір топ физика – математика ғылымдарының докторлық дәрежедегі оқытушылары келді. Кездесу өте мазмұнды өтіп, оқушыларға да келген қонақтарға да жағымды әсер қалдырды. Оқушылар келген қонақтарға адами және ғылыми тұрғыдан өздерін қызықтыратын және тебірентетін өзекті мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, өздерін қанағаттандыратын жауаптар алды. Сұқбаттың өзекті тақырыбы оқушылардың мектеп бітіргеннен соң өмірлік таңдауды өзін жалықтырмайтын, қызықтыратындай етіп жасау, және ерінбей жасаған таңдаудың шыңына шығуға тырысу болды. Сұқбаттың пердесін ашқан «Ғалым - математик адамның басқа адамдардан ерекшелігі қандай?» сұрағына академик Өтелбаев Мұқтарбай: «Ғалым - математик адам ешуақытта өтірік айтпайтын шыншыл болады», - деп жауап бергені тыңдарман оқушыларға ой салды. Кездесу соңында шақырылған қонақтарға мектеп директорының атынан алғыс хат тапсырылды.
![]() |
![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено

.bmp)
.bmp)