Құттықтаймыз!
17.02.2016Ақпан айының 13 күні ҮІІІ облыстық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасы өтті. Қалалық байқауға мектебімізден 8 оқушы қатысып, солардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» боп, топты жарып шыққан 9 «Д» сынып оқушысы Полатова Надира мен 9 «Е» сынып оқушысы Шакиров Ідірісті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз. Надира «Сөз шеберлері» конкурсында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романынан үзінді оқыса, Ідіріс «Жас ғалымдар» конкурсында «Тас жазулары мен жыраулар поэзиясының үндестігі» тақырыбында зерттеу жобасын қорғады. Балаларға өнерлері өрге басып, биіктен көрінулеріне тілектеспіз.
Байқау ережесі бойынша І орынды иеленген Н.Полатова Алматы қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды. Надираға алдағы асудан сүрінбей өтіп, мектебіміздің мәртебесін жоғарлата беруіне тілек білдіреміз.
Оқушылардың жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Л.Ильясова мен Г.Қапшаеваға алғысымыз зор.
.jpg)
Community discussions
Обсуждений не найдено