Дебат
17.02.201616 ақпан күні Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясында 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары арасында мектепішілік іс-шара «ЭКСПО-2017 болашақтың энергиясы» атты пікірсайыс өтті.
Жүргізуші: Нұрханова А.Д. Мұқағали Мақатаевтың «Отан» деген өлеңімен бастады.
Пікірсайысымыздың негізгі мақсаты:
Оқушыларды Отанын, сүюге, білімді, алғыр, шешен сөйлеуге, елін, жерін сүйетін ұрпақ тәрбиелеу.
Пікірсайыстың негізгі ережелері:
9 «Ә» сынып оқушысы Мұхамеджанов Нұржанның орындауында күй «Еркесылқым». Тыңдарман қауым хошеметпен қарсы алды.
Пікірсайымызға әділ қазылар:
Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі: Кәмпитова С.А.
Ғылыми ісі жөніндегі орынбасары:Байманов Р.О.
Оқу ісінің меңгерушісі:Залетаева А.Қ.
Келесі бөлімде қатысушыларға сөз берілді.
Негізгі қаралған мәселелер:
1)ЭКСПО -2017 Қазақстанның экономикасына қандай әсерін тигізеді?
2)ЭКСПО туризмі осы көрмеден кейін қалай дамиды әлде тоқтап қала ма?
3)Бүкіләлемдік дағдарыстың Қазақстан ЭКСПО өткізуге әсері қандай болмақ?
4)Көрме әлемде Қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен,ежелгі тарихымен,өнерімен,қонақжайлылығымен таныстырады деп отырсыздар,бірақ қандай деңгейде әлемге паш етуге дайынбыз!
Оқушылар өз пікірлерін жеткізуде ,айтылған
сын пікірлерді,дәлелді,нақты,ақпараттармен жеткізе білді.
Оқушылар осы төңірегіндегі мәселелерді талқыға салды. Өз ой-пікрлерін ортаға салып пікірсайыс өте қызу түрде өтті.Бұл пікірсайыста оқушылар тек ізденіп қана қоймай,сонымен қатар өз ойларын нақты дәлелдермен,нақты ақпараттармен жеткізе білді.
Іс-шара оқушылардың өз Отанынсүюге, Қазақстанның болашағына нақты сеніммен қарауға,ізденімпаз,білімді, шешен сөйлеуге,саналы, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуге мол мүмкіндік берері сөзсіз!



Орындаған:Нұрханова А.Д.
Community discussions
Обсуждений не найдено