Шахмат-ақыл-ой мектебі

15.03.2016

Шахмат-ғылыми  ақыл-ой және халық  шығармашылығының негізінде  пайда  болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат  адамды  жылдам  ойлауға, шешім  қабылдауға және логиканы  дамытуға  тәрбиелейтін   құрал  болғандықтан  мектебімізде   шахмат үйірмесі   жұмыс жасайды.  Үйірмеге-50 оқушы  қатысады.  Жаттықтырушы  Ырысбай Абдужаппаровтың  ұйымдастыруымен  ақпан айының  12- күні    2, 3-ші  сынып  оқушыларының  арасында  сайыс  өтті. Сайысқа  10 оқушы қатысты.  Сайыс өте қызықты өтіп, жанкүйерлерін  қуантты.

Сайыс қорытындысы   бойынша:

Қыздар арасында

        1-орын - 2«А»сынып  оқушысы  Сайлау А.

        2-орын - 2 «А»сынып оқушысы  Мырзахан М.

        3-орын – 2 «Б»сынып оқушысы  Серікова З.

Ұлдар арасында

       1-орын - 2«А»сынып  оқушысы  Сабитов А.

        2-орын - 2 сынып оқушысы  Жұмашев А.

        3-орын – 2 «Б»сынып оқушысы  Қалимат Н.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено