Ұлттық мұражайға экскурсия
15.03.20162016 жылдың 11 наурызында «Туризм» мамандығының 3TРM - 113 студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында болды.Ұлттық мұражай елдегі ірі мұражай ғана емес, сонымен қатар ол Орталық Азияда кездесе бермейтін мұражайлардың бірі болып саналады. Ол сондай-ақ ең жас мұражайлардың бірі болып табылады - ол 2014 жылдың жазында ашылған.Ұлттық тарих мұражайы – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей жоба саналады.7 залдан, 8 қабаттан тұратын музейден Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі тарихын көре аласыз. Атап айтар болсақ, Алтын зал, Қазіргі заманғы өнер залы, Этнография залы, Тәуелсіз Қазақстан залы, Астана залы бар. Әрқайсысында қайталанбас құнды экспозициялар жинақталған. Мұражай халықаралық стандарттарға сай техникамен жабдықталған. Экспозицияларды сақтап, климатты бақылайтын жарықтық-биологиялық қондырғылар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі қорында Қазақстанның ежелгі дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі кезеңінен сыр шертетін жәдігерлер қоры жинақталыпты. Экспозициялардың басты жәдігері – Есік қаласынан табылған «Алтын адам».Мұның барлығын мұражай экскурсоводтары көрсетті. Экскурсия барысында студенттер үлкен әсер алып, қуанып қайтты.


Community discussions
Обсуждений не найдено
