2016-2017 оқу жылының кеңесі
31.08.2016Н.Әбдіров атындағы №33 «Балабақша-бастауыш мектеп» кешенінде педагогикалық кеңес өтті. Диретордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Керимбекова Салтанат Копшилқызы ҚР «Білім туралы» Заң талаптарының орындалу барысы, 2015-2016 оқу жылындағы білім беру үрдісінің түрлі бағыттары бойынша кешен жұмысының нәтижелерімен таныстырып, жаңа 2016-2017 оқу жылына арналған кешеннің негізгі бағыттары мен міндеттерін атап өтті. Кеңесте жаңа 2016-2017 оқу жылының оқу-тәрбие жұмыс жоспары бекітіліп, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүмыстары жүйелі түрде жүргізу міндеттері қаралды. Кешен басшысы Айжан Маметханқызы кешен ұжымын жаңа 2016 – 2017 оқу жылымен құттықтап, ұстаздарға шығармашылық табыстар тіледі. 

Community discussions
Обсуждений не найдено