«Үш тұғырлы тіл» танымдылық сайысы
20.09.2016 Тілдер фестивалінде орыс тілі пәнінің бірлестігі «Үш тұғырлы тіл» танымдылық сайысын өткізді. 7-сынып оқушыларының арасында өткен сайысқа төрт команда қатысты. Алғашқы айналымда қатысушылар өз командасын таныстырды. Келесі айналымда әр командаға жеке тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырмаларға үш тілде жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Әділқазылардың шешімі бойынша І орынды 7 «Ә» сыныбының командасы иеленді. ІІ орын 7 «А» сыныбы мен 7 «В» сыныбының командаларына бұйырса, ІІІ орынға 7 «Б» сыныбы жайғасты.

Ұйымдастырушы педагог: Болатбек Бақытжан
Community discussions
Обсуждений не найдено