Тәжірибелі оқытушылар өз тәжірибесімен бөліседі

15.02.2017

Ақпанның 14-ші жұлдызында  «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының онкүндігі аясында  оқытушы Р.С. Есмаханов «Электротехника» пәні бойынша ашық сабағын өткізді.
Бұл сабақ барысында интерактивті тақта, плакаттар қолданды.  Оқытушы  жаңа тақырып бойынша  видеороликтер,  презентациялар көрсетті.
Сабақ барысында қолданылған іс-әрекет түрлері: ізденімпаздық негізіндегі әңгімелесу жүргізілді және  компьютерлік презентация көрсетілді; студенттер тақтада көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, схемалар құрды, жаңа сабақ материалдары көрнекі құралдар арқылы көрсетілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено