«Балапан» жазғы демалыс лагері

31.05.2017

Мамыр, маусым айлары табиғаттың жайма шуақ берекелі кезеңі. Айналаның бәрі жасыл желек жамылып ерекше бір реңге енді. Осындай сәтте мектеп жанынан құрылған «Балапан» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өте жоғары деңгейде өтті.

Салтанатты жиында әр топ өз ұранын, әнін, санамаған жақсы айтты. Топ басшылары, топ мүшелері орындаған лагерь әнұраны да әсерлі шықты. Топ тәрбиешілері әзірлеген мультфильм кейіпкерлері де ерекше көңіл-күй сыйлады. Лагерь басшысы Кажуева Айслу Хайргельдиновна  жауапты әрі іскер ұйымдастыруымен өткен салтанатты жиын өз мақсатына жетті. Осындай сәтті игілікті іс-шаралар өз жалғасын таба береді.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено