Жаңадан келген ұстаздарға семинар-тренинг өткізілді
01.09.2017
Жаңа оқу жылының алдында мектеп үйлестірушісі Ж.Мукатова мектебімізге жаңадан келген ұстаздарға «Оқушыларды қалай бағалаймыз?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинардың мақсаты бағалау жүйесінің сапасын жалпы басқару, қалыптастырушы және жиынтық бағалауға байланысты процестер мен тәртіптерді іске асыру және бағалау тәртібіне әдістемелік қолдау көрсету. Бағалаудың жаңа жүйесін жүзеге асыруда бірлескен топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Ұстаздар ойларын ортаға салып, ортақ шешім шығара алды. Мектеп үйлестірушісі Ж.Мукатова топтық жұмыстардан соң модерация жасап отырды.


Community discussions
Обсуждений не найдено