«Жаңғыру 3.0- білімнің үлесі» тақырыбына педагогикалық кеңесі

13.09.2017

31 тамыз күні  гимназияда  «Жаңғыру 3.0- білімнің үлесі» тақырыбына педагогикалық кеңесі өтті.

Гимназия директоры  Т.К.Крылова жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, осы оқу жылының ерекшелін атап өтті, тамыз конференциясының ерекшелігімен таныстырды, жаңартылған білім мазмұнына тән жаңа негізгі үрдісімен таныстырды.  

Директордың ҒӘІ жөніндегі орынбасары А.К.Серова осы оқу жылының жұмысына тұсаукесер дайындап, 2017-2020 жылдарға қойылған гимназияның болашақ даму жоспарымен, жаңартылған білім беру мазмұнын енгізудің негізгі бағыттарымен, Астана қаласы білім дамыту жоспарына сәйкес топтастырудың жұмыстарымен таныстырды.

МӘБ жетекшілері бір жыл бойы жасалған жұмыс туралы, ӘБ жұмыстары туралы есеп роликтерін көрсетті.

Swot-талдауды түзетіп, жұмыстың жақсы және жаман жақтарын анықтау мақсатында, топпен жұмыс жүргізілді. Әр топ ұжымның жұмысына өз көзқарасын білдіріп, гимназияның даму Жоспарына түзетулер енгізді.

Қорытынды бөлімде гимназия директоры Т.К.Крылова гимназияның үздік мұғалімдерін білім Министрінің және вице-министрдің алғыс хаттарымен марапаттады. Бұл мұғалімдердің адал еңбектері арқылы гимназия қаланың үздік он мектептің қатарына кірді.  

«Ең үздік сынып жетекші» мектепішілік байқауының қорытындысы өткізілді.   Ауыспалы кубок 3В сыныптың сынып жетекшісі М.И.Шапошникова мен 9Б сыныптың сынып жетекшісі С.Б.Тутаеваға берілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено