ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- БАСТЫ МІНДЕТ
18.10.2017Ертеңгі болашағымыздың жарқын болуы мектеп қабырғасында білім алып жүрген жастарымыздың тәртібі мен тәрбиесіне қатысты. Сондықтан да бүгін №81 "Astana English school" гимназиясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 5-10- сынып ұлдарымен Астана қаласы Ішкі істер басқармасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Жасұзақ Қарлығаш Ильясқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылардың міндеттері мен құқықтары, үзіліс кезінде, жалпы қоғамдық ортада оқушылардың өзін қалай ұстау керектігі туралы айтылып, жасөспірімдердің кешкі 22.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз ойын -сауық орталықтарына баруға тыйым салынатындығын, көшеде жүруге болмайтындығын, себепсізден себепсіз сабақты босатса әкімшілік тарапынан жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Оқушыларға қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды ластау, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер жасайтын болса, жауапкершілікке тартылатындығын да айтып өтті. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғантып жүрген сұрақтарға жауап алды. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру үшін мектебімізде әлі де жұмыстар жүргіземіз.
Community discussions
Обсуждений не найдено
