География жұлдыздары
29.11.2017
22-ші қарашада Жаратылыстану-математикалық пәндері апталығының аясында 3ТРа-215 тобының студенттерінің арасында сабақтан тыс «География жұлдыздары» тақырыбында іс-шара өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты - география пәнінен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, одан әрі білімдерін жетілдіру.
Іс- шара топ арасында интелектуалдық дода түрінде өтті. Студенттер жан-жақты өз қабілеттерін көрсете отырып көпшіліктің қызығушылығын оятты.
Тартысты өткен байқау барысында «Европа» тобы жеңіске жетіп, сабақтың мазмұнды әрі мағыналы өтуіне ат салысты.
Community discussions
Обсуждений не найдено