«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу»

29.11.2017

 
Оқушылар арасында сыбайлас жемқорлық таныту істеріне төзбеушілікті қалыптастыру мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 29 қараша күні ТІЖ директордың орынбасары А.Махамбетованың ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өтті. Дәріс аясында №37 орта мектеп көшбасшылары «Менің қажеттіліктерім мен тілектерім», «Жемқорлықтың себептері», «Азаматтық қоғам және жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ой қозғады.
Оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 401-V Қазақстан Республикасының Заңын қарастырып, мектептің бас заңгері 10 «Ә» сынып оқушысы Тлегенова Амина  сол заңда қамтылған ұғымдарға тоқталды.
Сонымен қатар құқықтық тәрбие беру мақсатында Мектептің «Жас Ұлан» ұйымы және «Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері де ақпараттық стенд безендірді.
 
          
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено