Құрметті ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы!

16.01.2018

Құрметті ата-аналар, оқушылар, мектеп ұжымы! 

Мектеп жасына дейінгі мектеп жасындағы балаларды  оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және мүгедек, қамқорлыққа алынған, аз қамтылған көпбалалы  отбасылар  балаларына әлеуметтік көмек көрсету және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 3-18-3/55-И жолдаған хатына сәйкес біздің мектебімізде 2018 жылдың 10 қаңтарынан бастап «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр.

Қайырымдылық – сүйіспеншіліктен туатын ізгі іс. Әр адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы, көмегі, адамгершілік қарым-қатынасы оның қайырымдылық деңгейімен анықталатыны аян. Сондықтан болса керек, қайырымдылық адам бойындағы асыл қасиеттердің, оның адами келбетін айқындайтын, азаматтық болмысын танытатын  негізгі  қасиеттердің  бірі  деп  есептеледі

Мектебімізде өткізіліп жатқан қайырымдылық акциясы үстіміздегі жылдың 10 ақпанына дейін жалғасатын болады. Сондықтан да Сізді осы іс-шараға өз үлесіңізді қосуға шақыра отырып, қоғам өміріндегі ізгі шараға белсене ат салысады деп сенеміз. Өз өмірімізден қайырымдылыққа аз да болсын орын берсек, бұл біздің ұрпаққа көрсеткен үлгіміз, өнегеміз болар еді.

Сізге алдын ала өз ризашылығымызды білдіреміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено