«Елбасының Қазақстан халқына Жолдау талқыланды»
17.01.2018
Астана қаласы № 52 мектеп- гимназия ұжымында «Елбасының Қазақстан халқына Жолдау талқыланды»
Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 9-ы күні Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты әдеттегідей мектебімізде педагогикалық кеңесте тыңдалып, талқыланды. Іс-шараға мектеп ұжымы түгелдей қатысты. Жолдауды тарих пәні мұғалімі Мекеш Самалбек таныстырды. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» негізгі басымдылықтары туралы айтып берді.
–Қазақстандықтар үшін үшінші жаңғырту жөнінде бірнеше міндет қойылып отыр. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажеттілігі айтылды. Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Жолдау 4-ші өндірістік революция жағдайында елді дамыту мәселесіне бағытталған. «Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Жолдауда Президент жүзеге асыруы тиіс 10 негізгі бағытты жүзеге атап айтты.
Community discussions
Обсуждений не найдено