«Lesson Study»
23.01.2018
Астана қаласы №84 мектеп –лицейінде 2018 жылдың 23-қаңтарында мұғалімдер арасында «Lesson Study» тақырыбында коучинг өтті.
Коучингке қатысқан мұғалімдер топтық талқылау арқылы пікір алмасты. Мұғалімдер талқылау арқылы Lesson study-дің жоспарлау кезеңі, зерттеу сабағының өту кезеңі, сабақты талдау, жүйелеу кезеңі және «Lesson study-ді қалай ұйымдастыруға болады және күтілетін нәтижелер» деген сұрақтарға постер дайындап , өз жұмыстарын қорғады. Коучинг барысында оқушылардың білім алу сапасын арттыруда Lesson study әдісінің тиімділігі айқындалды және тәжірибеге енгізуге бағыт-бағдар берілді. Мұғалімдер үш топқа бөлініп, презентация арқылы берілген тапсырмаларды орындады.
Тақырып бойынша қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерімен бөлісті. Уақыт біткен соң топ мүшелері бір-бірін табыс критерийі бойынша бағалады. Коучинг рефлексиямен аяқталды.


Community discussions
Обсуждений не найдено
