« Рухани жаңғырудың жарқын жолы- сапалы білім білім мен ұлттық тәрбие» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы
17.01.2018
17-18қаңтар күндері қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату, ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы ой түрткі салу, өз баласын жақсы тану, көмек және кеңес беру, ата-аналардың педагогикалық-психологиялық білімін көтеру мақсатында «Оқушы – ұстаз – ата-ана» — үштік одақ арасында ата-аналар жиналысы болды. Жиналыс барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен жекелей кездесіп, өздерін толғандырып жүрген сұрақтармен бөлісті. Ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру ісін жақсарту жолында «мектеп-ата-ана-оқушы» үштік одақ болып жұмыла белсенділік танытса, оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Жиналыс соңында ата-аналар үштік одақта өткізілген жиналыс туралы лебіздерін білдірді.



Community discussions
Обсуждений не найдено