«Менің Отаным – Қазақстан»

14.02.2018

 2018 жылы 14-ші ақпанда  Махамбет Өтемісов атындағы оқушылар сарайында  «Менің Отаным – Қазақстан» республикалық туристік экспедициялар  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» базалық жобасын іске асыру аясында балалар мен жасөспірімдердің «Жалын» патриоттық қозғалысы экспедициялық іздестіру отрядтарының  қалалық  форумы өтті.

Мақсаты – Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұраларын сақтауды насихаттау, өз елінің патриоттарын тәрбиелеуге арналған кіші Отанын зерделеу бойынша экспедициялық іздестіру отрядтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу.

Форумда  Төлеген Айбергенов атындағы  №16 орта мектептің «Жас қыран» отряды туған өлкені зерттеп Қазақстан халқының тарихи-мәдени  мұраларының сақталуына арналған жұмыстарын баяндады. Нәтижесінде  үздік экспедициялық отряд ретінде 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Жетекшісі тарих және география пәнінің мұғалімі Канлыбаева Ж.И.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено