Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

20.02.2018

2018 жылдың  14 ақпанында  №2  Ғ.Қайырбеков  атындағы  мектеп гимназиясында  Ауған соғысына қатысқан  жауынгермен кездесу өтті. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары  қатысты.
         Кездесудің мақсаты - Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына
29 жыл толуына орай ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, олардың ерліктерін еске алу.  Кездесу кеші ауған соғысында қаза тапқан батырларымызды еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздік жарияланды.
         Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл 29 жыл. Тарих қойнауына еніп, санадан көмескіленіп бара жатса да, 10 жылға созылған соғыстың лайықты бағасы әзірге толыққанды берілген жоқ. Десе де, әскери ант қабылдап, Отан алдындағы борышын туған елінен жырақта өтеген  жауынгерлеріміз  өскелең ұрпақ үшін үлгілі жандар. Еліміздің ертеңі жастарымызды отаншыл, патриот ретінде тәрбиелеуде сүбелі үлес қосып жүрген ауған ардагерлері Отанды сүю әркімнің бойында болуы керек қасиет екенін жиі айтып келеді. 
      Кездесу келген ауған соғысының ардагер-батыры, мектебіміздің түлегі  В.А. Жаров  жоғары сынып оқушыларына тәрбиелік мәні зор естелік әңгімелерін айтты. Оқушылар жауынгер ағаларының әскерге қалай, қашан алынғанынан бастап, майдан даласында жүріп өткен жолдары, көрген қиыншылықтары жайында сұрап білді. Ардагерлер айтқан естеліктерді тұщына тыңдаған оқушылар соғыс тақырыбынан бөлек,  жауынгердің жеке басына қатысты сауалдарын да жолдады.
      Сонымен қатар, В.А.Жаров  өз қолымен  салтанатты түрде жоғары сынып оқушыларына тіркелу куәліктерін тапсырып, тілектерін жолдады.
         Кездесу  соңы оқушыларымыздың арнайы дайындаған  мерекелік іс-шараға ұласты.
         Іс-шараны  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.С.Кемельбаева  қорытындылап, ауған соғысының ардагеріне мектеп ұжымы мен оқушылар атынан алғыс айтты.











   

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено