"Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр!" Қалай қарайсыздар? Уақыт табылады ма? Кітапқа қызуғышылық бар ма? атты іс шара

31.01.2018

                             "Жүрегіңнің жылуын кітапқа бұр!" Қалай қарайсыздар? Уақыт табылады ма? Кітапқа қызуғышылық бар ма? 
" Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге" (Абай)
"Кітап маған тақтан да қымбат" (Шекспир)
"Наданмен қас болғанша, Кітаппен дос бол" (Бауст)
"Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз" (Гюго)
"Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей" (Толстой)
"Кітап — ақылды қуаттандыратын құрал" (Каменский)
Кітап — мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем.
Кітап әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.(Горький)
Осыншама данышпандарымыздың қалдырған өсиетін бала құлағына жеткізіп ғана қоймай, кітаптың қадірін біліп, телевизор мен телефонның орынын кітапқа алмастырайық деген мақсатпен кешеніміздің бір топ өз еркімен "мен кітапппен дос болам" деген оқушылары жиналып, кітапханаға саяхат есебінде және кітапханашы Жанар апайға көмек ретінде кітаптардың шаңын тазалап, ретке келтіре жүріп біраз кітаптармен таныстық. Жұмыс барысында әңгімелесе жүріп, балаларға мынадай ой келді. Кітап оқу жарысын өткізейік және қызықты болу үшін ортаға бәс тігейік. Келесі белгіленген кездесу уақытына дейін кім көп кітап оқып, түсінгенін айтып берсе сол оқушы тігілген бәсті жеңіп алады. Бәріміз келістік. Бәс тігілді. Жарыс басталды. Қорытындысын асыға күтіп, жариялап отырамыз. Бізбен бірге болыңыздар!
     
                 
                       

                   

     

     



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено