Наурыз мерекесін ұлықтау

20.03.2018

Нағыз ұлттық жаңғыру тек  ұлттық мерекемізден бастау алатыны баршамызға аян! Ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту, ұлттық кодымызды сақтай отырып, салт-дәстүріміздің қайта жаңғыруы осы төл мерекеміз Наурызда барлық әлемге паш етіледі. Осы ұлттық мерекеге орай 2018 жылдың 19 наурызы күні колледжде «Рухани жаңғырған әз-Наурыз!» атты әдеби-сахналандырылған кеш өтті. Іс-шараның мақсаты - ұлттық мерекені ұлықтау арқылы студенттердің бойына ұлттық рухты сіңіру, ұлттық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық сана-сезімдерін ояту; жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш ұялату болды. Іс-шара барысында "Ұлы дала баласы", "Ай мен күн тілегі", "Қыдыр ата мен  Жер ана" атты композициялар бойынша өлеңдер оқылып, Наурыз тақырыбында әндер шырқалып, күй тартылды.
Кеш соңында Наурыз мерекесін ұлықтау жоспарына сай өткізілген апталықтың қорытындысы шығарылып, спорттық іс-шаралар, қабырға газеттері байқаулары бойынша колледж директоры Ташенов С.Б. студенттерді мадақтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шара аяқталған соң, колледж әкімшілігінің ұйымдастыруымен студенттерге арнап дастархан жайылып, наурыз көже мен бауырсақ тартылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено