Наурыз –думан

20.03.2018

Наурыз –думан

 Халқымыздың аңыздары бойынша 21-наурыздын түнінде сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулыны «Ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді.

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні — Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той кұтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено