«Білім беру жүйесін жаңғырту - адам капиталының сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында пән апталығы өтті.
18.04.2018Астана қаласы № 48 мектеп лицейінде сәуір айының 03.04-14.04.2018 жұлдызы аралығында жаратылыстану пәндерінің « Білім беру жүйесін жаңғырту- адам капиталының сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында пән апталығы өтті.
Апталық аясында мектептің география пәні мұғалімдері Сембина Н.Д. , Иманүсенов Н.А., биология пәнінің мұғалімі Шонова А.Қ. ұйымдастыруымен « Жаңғыру тетігі- жаңа маман даярлау» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен Еуразия Ұлттық Университетінің экономика және шаруашылық кафедрасының ғалым педагогтары : Мадиярова Д.М. э.ғ.д. профессор; Есенгелдинова Р.Ж. аға оқытушы ;Егізбаева Ж. Т. э. ғ. м. ;Ауезова З. Т. география ғылымының докторы, профессор; және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің мұғалімі Джаманбаев З. Т. кездесу өтті. Шара барысында еліміздің президенті Н.Ә. Назарбаевтың « Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуіндегі 3- бастамада жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы пікір алысу болды.
Еліміздің экономикасын өркендету, бәсекелестікке қабілетті елдің қатарынан көріну үшін ең бастысы білімдіде білікті маман кадрлардың ролі туралы слайд көрсетілді. Ғалым педагогтар экономика және кәсіпкерлік , ауылшаруашылығы мамандарына сұраныстың артуына байланысты оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу тартымды өтті.


Community discussions
Обсуждений не найдено