Астана қаласы АҚ «КАЗГЮУ» университеті әскери кафедрасының студенттерімен өткізілген шеберлік сабағы туралы ақпарат
18.04.20182018 жылдың 18 сәуір күні оқушылардың патриоттық сезімін ояту, азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы жайында КАЗГЮУ университетінің әскери кафедрасының аға оқытушысы, майор Ринат Жумабекұлымен заң факультетінің әскери кафедра бөлімінде білім алып жүрген студенттерімен шеберлік сабағы өтті.
Кездесуде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің тарихи құрамымен және де әскер түрлеріне, әскери тетіктерге жеке – жеке атап толық ақпарат берді. КАЗГЮУ университетінің әскери кафедрасы жөнінде бейне ролик көрсетілді сондай – ақ қарудың 3 түрін көрсетіп оны бөлшектеуді және жинауды, әр қарудың өзіндік ерекшеліктері жайында таныстырды. Шеберлік сабағының соңында оқушыларға қарулармен жақынырақ танысуға шақырып, оларды бөлшектеп жинауға мүмкіндік алды.
Community discussions
Обсуждений не найдено