Жалпыұлттық ата-аналар жиналысы Астана қаласы №59 мектеп-лицейде өтті.

16.05.2018

       Аталған жиналысқа 9-11-сынып оқушыларының  ата-аналары қатысты. Жиналыс белгіленген күн тәртібі бойынша өткізілді.

         Қазақстан бойынша «Адами даму индексі» рейтингіндегі 188 мемлекеттің ішінен 56-орыннан жоғары көтеруге ат салысуға Астана қаласы №59 МЛ  білім беру жүйесіндегі жетістіктерге бастайтын іс-шаралар жайында, мектеп оқушыларының халықаралық олимпиадаларға қатысу, шетелдік ЖОО білім алу туралы ақпарат берілді. Оқу-тәрбие үрдісін цифрландыру барысында оқушылардың сапалы білім алуына мектептің толық жағдай туғызу туралы айтылды.

         Ата-аналарды ҚР БҒМ білім беру бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы  ақпараттандыру, қағида, ерекшеліктері, 2017-2018 оқу жылын ұйымдасқан түрде  аяқтау мақсатында ҚР БҒМ белгілеген мерзімде аяқтау жайында кеңінен тоқталды.

         Қоғамдық сананы жаңғыртудың 6 бағытын (бәсекеге қабілеттілік; ұлттық сәйкестікті сақтау; білім беру ғұрпы; революциялық емес, Қазақстанның эволюциялық дамуы; сананың ашықтығы) насихаттау мақсатындағы ата-аналарды «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын жүзеге асыру үшін ата-аналармен біріге отырып  атқару ұсыныстары жеткізілді. Сонымен қатар, 9 және 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары, шетелдік және отандық жоғары білім беру  ұйымдарымен келісім-шарттар, меморандумдар, өзге де әлеуметтік жобалар жасалып, жүзеге асыру қолға алынып отырғаны жайында айтылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено