Жалпы ата-аналар жиналысы
16.05.2018 Мектебіміздің салтанат залында «Оқу мен оқыту үдерісіндегі мектептің есебіне талдау» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп директоры Баяхметбаева Күнімбала Ізтөлеуқызы жиналған қауымды күн тәртібімен таныстырды. Ештанаев Жазыбек Опиұлы директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары «Дарынды оқушы - мектеп абыройы, ұлт болашағы» атты баяндама оқып, мектебімізде дарынды оқушылар көп екенін айтты. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы, оқушылардың білім сапасы туралы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А.С. Молдаханова, Г.С. Абдильдина есеп берді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Шабкенова Самал Жамалиевна, Уалиева Сандуғаш Калиденовна «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөнінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Мектеп инспекторы Тургунова Сапаргүл Умирбекқызы «Шындық - бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал» тақырыбында баяндама оқыды. Психолог Рүстемова Жанар Тлеубергеновна «Әлеуметттік желілерді дұрыс мақсатта қолдана білейік» тақырыбында негізгі мәселелерді ашып көрсетті. Мектебіміздің жанынан құрылған ресурс орталығының координаторы Мусина Назира Пралыевна инклюзивті білім берудің нәтижелерімен бөлісті. Қосымша білім беру педагогы Қосжанова Құндыз Серікқызы «Қосымша білім берудің маңызы» жайлы ата-аналарға кеңінен түсіндірді. Ата-аналар комитетінің мүшесі Джуматаев Азамат та жиналысқа өз үлесін қосты. Жиналыста өнерпаз оқушылар өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілінен шықты.


Community discussions
Обсуждений не найдено