Мектебіміздің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері жалпыхалықтық диктантқа қатысты
14.11.2018 ҚР Президентінің 2018 жылғы 19 ақпанындағы № 637 Жарлығына және ҚР Премьер-Министрнің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 27 өкімімен бекітілген "Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс -шаралар жоспарына" сәйкес республика бойынша жалпыхалықтық диктант өткізілді.
Жалпыхалықтық диктантқа мектебіміздің жоғары сынып оқушылары мен ұстаздары қатысып, белсенділік танытты. Мектеп директоры Ж.Нүсіпжан сөз алып, жалпы латын әліпбиіне көшудің мәніне, тоқталды, бүгінгі жалпыхалықтық диктант жазғалы отырған оқушылар мен мұғалімдерге сәттілік тіледі.
Мақсаты: латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің , "Қазақ тілі емлесінің негізгі режелері" жобасының практикалық тұрғыда меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, өзін-өзі бағалау, бейімделу.
Міндеттері: ҚР тіл саясатын жүзеге асыру, латыннегізді қазақ тілі әліпбиін меңгеруге деген қызығушылықты арттыру.
Community discussions
Обсуждений не найдено