ӘРБІР БАЛА - БІР ЖҰЛДЫЗ
14.11.2018Бүгінгі жас- ертеңгі елдің мызғымас тірегі, келешек келбеті. Дарынды оқушыларды қолдау мақсатында №81 "Astana English school" мамандандырылған гимназиясында жүйелі де, маңызды жұмыстар атқарылуда. 9 қараша күні гимназияны қала, Республика көлемінде танытуда өз үлестерін қосып жүрген білімді де дарынды, өнерлі де талантты, бір тоқсан бойы қалалық, Республикалық, Халықаралық әр түрлі пәндік, ғылыми сайыстарға, әр түрлі жобаларға, шығармашылық ән-би, қолөнер байқауларына, спорттық сайыстарға қатысқан оқушылар мен оқушыларды тәрбиелеп осындай жетістікке жеткізіп жүрген жетекшілерін марапаттау рәсімі болып өтті. айтпаймыз. Бүгінгі мектеп оқушылары ертеңгі ел иелері, олай болса оқушыларымыз білім шыңының биігінен көрініп, жан -жақты, білімді, сауатты, салауатты өмірге құштар болып өссе келешегіміздің жарқын болары анық!
Әрбір бала - жеке тұлға, әрбір бала - жеке жұлдыз.
Community discussions
Обсуждений не найдено