«Өзін-өзі басқару»
20.11.2018Ағымдағы жылдың 20-шы қараша айында Астана қаласы №49 орта мектебінде, мектеп басшысы Джумартова Данара Мейранбекқызы мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының оқушыларымен кездесуөткізді. Білім ұясын ізгіліктендіру мен жариялылықтың жүзеге асқандығының нәтижелі белгісі әрі шәкірттердің асыға күтетін күні – «Өзін-өзі басқару күні». Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының мақсаты:
— қарым-қатынасты ізгіліктендіру;
— ұжым өмірін жариялылыққа, еркіндікке негіздей отырып, оқушыларды қоғам мен мемлекетті басқару тетігіне дайындау. Өзін-өзі басқару ұйымының қызметі туралы оқушылардың пікірлерін тыңдап, жалпы мектептің оқу-тәрбие процесін басқаруда өзін-өзі басқару ұйымының алатын орны туралы, міндеті мен жұмыстары туралы ұсыныстар, жаңа тың ойлар, пікірлер білдіріп ашық әңгіме алаңын құрды. Өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары алдағы уақыттағы жоспарлармен бөлісті.


Community discussions
Обсуждений не найдено