«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында ата-аналармен семинар-тренинг өтті.
13.02.201913.02.2019 ж. күні «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» атты он күндік аясында бастауыш сынып ата-аналарымен бастауыш сынып және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Ахметкалиева Мара Жамбылқызы мен мектеп психологі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Азимбаева Жұлдыз Түзелқызы «Бала жанының қорғаны – мейірім» атты семинар - тренинг өткізді.
Семинардың өту мақсаты: Ата-ананың бала өміріндегі орны мен рөлі туралы, отбасындағы мейірім, сүйіспеншілік, махаббат және т.б. қасиеттер жайында ой-түрткі салу еді
Әр ата-ананың өз баласын жақсы тану, шуаққа, мейірімділікке бөлеу мақсатында ата-аналардың сауаттылығын, педагогикалық-психологиялық білімін көтеруде өзекті мәселе болды. Арнайы дайындалған презентациялар бойынша жиналыс сәтті өтті.
- «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?» - жаттығуы
- Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы» (топпен жұмыс)
- Аяқталмаған сөйлем «Менің балам...»
- Бейнебаян «Мәңгілік серік»
- Қорытындылау «Тілек шамы»
Семинар-тренингке 47 ата-ана қатысты. Ата-аналар «Отбасы» атауының мәніне терең үңіліп, оттың да үлкен маңызы бар екенін ұқты. Өткен тренингте ата-аналарға рухани құндылық тілей отырып, алғыс айтумен аяқтадық. Постер құру, қорғау, ситуациялық сұрақтарға жауап беруде әр ата-ана белсенді болды. Жиналыс соңы «Әке –Ана» әнін бірге орындаумен өз мәресіне жетті. 1»Ә», 4 «А», 3 «Б», 1 «Б» сынып ата-аналары Шайхина Толқын, Саханова Бақыт, Асан Жанбота, Тілеш Айжан жиналыстан көп рухани байлық алып, ой түйгенін, бала –әр отбасының байлығы екенін мойындап ізгі тілектерін арнады.



Community discussions
Обсуждений не найдено