«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында іс-шара өтті
19.02.2019Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы ел болашағын тәрбиелеуші білім мекемелеріндегі оқу-тәрбие үрдісін жаңа бастама – бағыттармен толықтырғандай. Астана қаласының 54 мектеп-лицей ұжымы да тарихы тереңде, мәдениеті бай халқымыздың ғұламалары мен ұлыларына тағзым жасап, олардың бай мұрасын насихаттауға кірісіп кетті.
Мектеп әкімшілігі бастамасымен құрылған жоспардағы алғашқы іс-шараны бастаған қазақ тілі мен әлебиеті бірлестігінің ұстаздары болды.
Алғашқы іс-шара жыраулардан бастау алған сөз енері майталмандарының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан басталды. Одан кейін мәдени іс-шаралар термелер, күй жарысымен ұласты. Әбілхан Қастеевтің туғанына 115 жыл толуына байланысты «Суреттер сөйлейді» атты көрме де көрермен көңілінен шықты. Іс-шара «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық ойынымен қорытындыланды. Ойынға ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты. Бұл іс-шараны жоғары деңгейде өткізген қазақ тілі мен әдебиет бірлестігіне үлкен алғыс білдіреміз.




Community discussions
Обсуждений не найдено