«Армысың, Әз – Наурыз!»

19.03.2019

2019 жылдың 19 наурыз күні №69 мектеп – гимназияда «Армысың, Әз – Наурыз!» атты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс – шара өтті.
Мақсаты:Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары туралы білімдерін кеңейту. Салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа Жыл №69 мектеп – гимназияғада жетті.
Бүгінгі мерекелік іс – шараны Үркер тұрғын алабының «Парасат» әжелер клубының белді мүшелері: Ақ жаулықты әжелеріміз аластау рәсімімен ашты. Қазақ халқының салт - дәстүрін насихаттау мақсатында бүлдіршіннің тұсауын кесіп, өскелең ұрпаққа баталарын беріп, өнегелі тәлім – тәрбиелерімен бөлісті.
Наурыз - тойы, мектебіміздің өнерпаздарының би,хор, ән тартуларымен жалғасты.
Мерекелік іс – шарадан соң 5-11сыныптар арасында ұлттық спорттық ойындар өткізілді.
Арқан тартыс, жүзік ату, асық ойынына қызығушылық танытып, оқушылар қызығушылықпен, ерекше таныммен белсене ат салысты.






 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено