«Өміріңді сарп қыл өлгеніңше, жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»
27.03.2019«Өміріңді сарп қыл өлгеніңше, жоба тап, жол көрсет, келешек қамы үшін»
Шәкәрім Құдайбердіұлы
11-наурыз бен 20-наурыз аралығында №62 мектеп-лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өткізілді. Бұл іс-шараға бірінші күннен бүкіл мектеп мұғалімдері мен оқушылары түгел қатысып, онкүндіктің әр күні маңызды іс-шараларға толы болды. Сондай іс-шараның бірін көпжылдық іс-тәжірибесі бар, әдістеме әлеміне көп үлес қосқан, «Қазақ тілі» пәні оқулықтарының авторы А.Қайырбекова өткізді.

Ұстаз соңғы жаңа мазмұнды бағдарлама бойынша жаңаша әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында пайдалану жолдары туралы ойларын ортаға салып, мол іс-тәжірибесімен бөлісті. Іс-шара барысында ұстаз ең тиімді деген маңызды әдіс-тәсілдерді атап өтіп, оқушылардың әр әдіс бойынша жасалған жұмыстарын ортаға салды. Мысалы, «Оқиға картасы», «Сана-сая жолы», «Уақыт тізбегі», «Балық қаңқасы», «РАПТ», «ПОПС», «FILA», «Қос диаграмма», «Дара диаграмма» және т.б әріптестері де осы тақырып көлемінде өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

.jpg)
Community discussions
Обсуждений не найдено