Ата-аналар!

14.05.2019

Құжаттарды қабылдау уақыты 9:00-18:30 дейін.

Дүйсенбі-жұма

Үзіліс 13:00-14:30 дейін

2019-2020 оқу жылы: 1 сыныпқа қабылдау    

     

БІРІНШІ СЫНЫПҚА БАЛАЛАРДЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ФОРМАТТА ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

 

Баланы бірінші сыныпқа тіркеу оңай болады. Енді ата-аналар үйден шықпай-ақ бірінші сыныпқа балаларын онлайн түрде тіркей алады.       «E-ASTANA» цифрлық жобасы арқылы тіркеу.   «Бұл жоба білім беру ұйымына 1 сыныпқа балаларды автоматтандырылған түрде тіркеу болып табылады.  Ата-аналар өтінішті электронды түрде бере алады, білім беру ұйымына қабылдау үшін керекті құжаттарды беруді жүзеге асыра алады, білім беру ұйымын және оқыту тілімен танысуға мүмкіндіктері бар. Уақытты үнемдеу - электрондық жүйенің басты артықшылығы. Сонымен қатар цифрлық формат барлық іс-әрекеттердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Әркім бірінші сыныпқа баласын өзіне ыңғайлы кез-келген уақытта, үйден немесе кеңседен компьютер, ноутбук, планшет немесе тіпті ұялы телефон арқылы тіркей алады.

«Қызмет көрсету мерзімі: өтініш пен құжаттар топтамасын қызмет берушіге тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде  хабарландыру келеді.

    Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін төмендегідей құжаттар қажет:

1) ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) көрсетілетін қызметті алушының электрондық құжат нысанындағы өтініші;

2) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;

3) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың (форма 026/у-3) электрондық көшірмесі;

4) 3х4көлеміндегі цифрлық фотосурет;

5) психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия қорытындысының электрондық көшірмесі (қажет болған жағдайда).

 

  Айта кететін жайт, бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептер білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын, ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

Нұр-Сұлтан қаласы білім беру бөлімінің сайтында https://e.astana.kz/   -«Оқушыларды мектепке қабылдау» қосындысы ашылған.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено