Жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті

15.05.2019

    Ағымдағы жылдың 15 мамырында мектебімізде сағат 18:30 мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысқа кірмей тұрып мектептің дәлізінде оқушылардың қатысуымен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде робототехника, қолөнер және т.б. мектеп үйірмелерінің көрмелері өткізілді. Көрмені тамашалағаннан кейін мектеп жиналысы өтетін АКТ залға өтті. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қарастырылды. Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру бойынша оқу жылының қортындысы, мектеп түлектерінің бітіру кештерін өткізу бойынша директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары А.О. Қашаева, бюджеттің орындалуы жөнінде мектеп есепшісі Э.Б.Жумагалиева, мектептік оқумен қамту қаражатын пайдалану, көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсету бойынша әлеуметтік педагог А.Ш.Қайырбекова, мектепті тамақтануды ұйымдастыру, ақшасыз төлем жасау, ас мәзірі, бейне бақылау бойынша асхана меңгерушісі Г.М.Касимова, мектептің қамқоршылар кеңесінің атқарылған жұмысы бойынша С.К.Смаилова, мектептегі үйірмелер жұмысы бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Тулбакан есеп берді. Іс-шара аясында ата-аналар әр түрлі сұрақтарына мектеп басшыларынан жауап алды. Жиналыс соңына мектептегі өнер үйірмелеріне қатысатын оқушылар өз өнерлерін ата-аналарыға көрсетті. Жиналыс өте жоғары деңгейде өтті.



 
 
 
 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено