«Алтын сақа» олимпиадасы

18.02.2020

18.02.20 күні Нұр- Сұлтан қаласы «№15 мектеп-лицейінде» «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығымен бірлесе   математика пәні бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау және олимпиада резервін қалыптастыру мақсатында өткізілген «Алтын сақа» олимпиадасының І кезеңінің қортындысы бойынша, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. «Алтын сақа» олимпиадасына «15 мектеп-лицейінің»  3-4-сыныптарынан 50 оқушы қатысты. Салтанатты жиында   математика пәнінен жоғары нәтиже көрсеткен үшін  25 оқушы жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарға ие болып, дипломдар және мадақтамалармен марапатталды. Жиында мектеп-лицей директоры Жәркенов Б.К. олимпиада жеңімпаздарын, пән мұғалімдерін ,ата-аналарды  жоғары жетістіктерімен құттықтап, алғыс  білдірді. «Білім бастауы- бастауыш мектеп» дей келе, қанаттарың талмасын! -деп жас бүлдіршіндерге ақ батасын берді. Жиын барысында  «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығының оқу ісінің меңгерушісі Нұртазинова Жансая Серікқызы өз сөзінде мектептің бастауыш сынып оқушыларының білімі  және пән мұғалімдерінің еңбегіне жоғары баға берді. «15 мектеп-лицей» әкімшілігі «Зерделі» ақыл-ойды дамыту орталығы ұжымына  алғыс білдірді. «Алтын сақа» олимпиадасында 1 орынды иеленген 4А сынып оқушылары Қабдыләшім Бағлан,Қаныш Абдулкарим, 3Б сынып оқушысы Сағыт Шыңғысхан олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алды. Жеңіскелерімізге сәттілік тілейміз!





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено