«РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫ» тарихқа танымдық саяхат
27.05.2020«РЕПРЕССИЯ ҚҰРБАНДАРЫ» тарихқа танымдық саяхат
Қазақстан Республикасында 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні бәрімізге белгілі. Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы екені анық. Міне, осы мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің мәдениеті мен ғылымын дамыту жолында, жоғарғы мемлекет ұйымдардың заңдық және ақпараттық негіздерін орындау мақсатында, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жолында өзіне міндетті жұмыстарын атқарып келеді. Оқушылардың санасына шамалы болса да тарихи оқиғаларды біліп, хабардар болуы міндетті. Жоспар бойынша «Репрессия құрбандары»тақырыбында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде мамыр айының 27-ші жұлдызында 5 «Д» сыныбында онлайн-ашық сабақ өткізілді. Оқушылар сабаққа жақсы құлшыныспен атсалысып, өздері білетін қазақтың біртуар ұлдары және сол зиялылардың жұбайлары туралы ойларын бөлісті.
Community discussions
Обсуждений не найдено