«Отбасы – ұлттың тірегі» атты іс-шара

15.09.2020

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№78 мектеп-гимназия» КММ-нің 1-11-сынып оқушыларымен 08-11қыркүйек аралығында отбасы күніне орай «Отбасы – ұлттың тірегі» тақырыбында іс-шаралар болып өтті.

1-4-сыныптар арасында «Кезекші сыныптарда» офлайн, қашықтан оқитын сыныптарда онлайн түрінде «Бала бақыты – жанұя» атты сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты:

1) «Отбасы» құндылығы мен отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету;

2) отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

3) отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

3 «Г»сыныбында «Менің отбасым – менің бақытым» атты тәрбие сағаты болып өтті. Сынып жетекшісі – Мукыжанова Айнур Уановна

Сабақ барысында слайд көрсетіліп, оқушылар «Отан отбасынан басталады» мақалының мәнін ашты. Саятқызы Сымбат пен Ғалымова Айзере «Отбасым – алтын бесігім» атты бейнекөрініс көрсетіп, сабақ соңы өрендеріміздің ата, әже, әке, ана туралы өздері білетін тақпақтарына ұласты.

5-7-сыныптар «Мен және менің отбасым» тақырыбында суреттер салып, фотоколлаж жасады. Отбасы күніне орай өткен іс-шараға ұйытқы болған 5 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Толыбаева Карлыга Мукашевна, 5 «Г» сыныбы мен жетекшісі – Тастанова Динара Ахметалиевна, 6 «В» сыныбы мен жетекшісі – Мухаметова Шолпан Еркиновна, 6 «Д» сыныбы мен жетекшісі – Керимбекова Салтанат Жаксыбековналардың жұмыстары ерекше болды.

         8-11-сыныптар «Отбасы – жан шуағым» тақырыбында өткен мәнерлеп оқу байқауына үлес қосты. 11 «А» сынып оқушылары Алижан Қуанышбекұлы мен Шынали Сабыржан отбасы жайлы өлеңдерімен бөлісті.

 

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено