Карантиндегі оқу процесінің штаттық режимі
16.09.2020С. Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназияда 2020-2021 оқу жылының оқу процесін ұйымдастыру туралы, сондай-ақ карантин жағдайындағы оқытудың үшінші аптасының қорытындыларын, яғни бастауыш сыныптарда оқу процесін штаттық режимді қалпына келтіру бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес қатаң режим сақталып жатқанын жеткізгіміз келіп отыр.
Бүгінгі таңда мектеп әкімшілігі мен бастауыш сынып мұғалімдері балалардың денсаулығын барынша сақтау мақсатында мектептің кіреберісінде және әр сынып бөлмесінің алдына дезинфекциялық кілемше төселгенін, әр кабинетте сабақ басталмай тұрып, әрбір 30 минут сайын кварц қойылып, сынып бөлмесі 10 минут желдетілгеннен кейін оқушылар сыныпқа кіруін қатаң сақтауда. Айта кететін болсақ, барлық мектеп қызметкерлері мен оқушылардың келген уақытта дене қызуы өлшеніп, қолды антисептикпен өңдеу мен бетперде тағу міндеттелген. Барлық қабатта және әрбір кезекші сыныптарда санитайзер орнатылып, сынып бөлмесі әр сабақ өткен сайын тазартылып отыратыны басты назарда. Мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу "бір жақты қозғалыс" қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланған. Мектептің дәліздерінде оқушылардың қозғалысы кезінде кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауға таңбалар орнатылған. Әр сыныпта пайдаланылған бетперделерге арналған арнайы қоқыс жәшігі қойылған.
Әрқайсысымыз мектептегі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға міндеттіміз.

Community discussions
Обсуждений не найдено