Құқықбұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік ережелері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған онлайн профилактикалық жиналыс.
16.09.2020№38 мектеп-лицейде 16 қыркүйек күні 2020-2021 оқу жылының басталуына байланысты, құқықбұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік ережелері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған онлайн профилактикалық жиналыс өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібіндегі бірінші мәселе, оқушыларды мектеп ережесімен таныстыру бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сағитова Айгүл Әнуарбекқызы мен Құрманғалиева Марал Әділбекқызы таныстырды. Екінші мәселе оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, жол-жүру ережесімен таныстыру, адам өмір қауіпсіздігі, су, өрт, терезе т.б. төтенше жағдайлар туралы
мектеп инспекторы, полиция капитаны Шаримбекова Акдидар Налибековна заң тұрғысында ақпарат бере отырып, оқушыларды тәртіп бұзушылықтан аулақ болуға шақырды.
Үшінші мәселе, қашықтан оқыту бойынша білім алушыларға психологиялық көмек, балалар мен жастар арасындағы интернетке тәуелділіктің алдын алу, азаматтардың цифрлық беделін қорғау жөнінде мектеп психологтары Н. Т.Мейркулова мен М.М. Ермекбай психологиялық кеңес берді. Төртінші санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алу туралы мектеп медбикесі Мусина Сауле Манерхановна түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Назарларыңызға рахмет
Community discussions
Обсуждений не найдено