Отбасы- өмір аясы!

15.09.2020

Отбасы- өмір аясы!

04.09.2020 күні №60 мектеп – лицейінде 1 «Ғ» сыныбында «Отбасы –өмір аясы!» атты тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты «Отбасы»  құндылығы туралы түсініктерін кеңейтіп, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі, отбасының бірлігі дей отырып, отбасы мүшелерімен оқушыларды таныстырдық. Тікелей эфир арқылы кездесулер ұйымдастырып, Әбдімәлік НұрАлидің, Балхаш Лаянның, Жаңбырбек Айару мен Әдияның ата-анасы оқушыларға ізгі-тілектермен, отбасы туралы пікірлерін ортаға салды. Оқушылар отбасы туралы кластер құрып, мақал-мәтелдерден жарыс ұйымдастырды, мақал-мәтелді талдап түсінік бере білді. Әр бала өз отбасын бейнелеп сынып сағаты шығармашылық жұмыспен жалғасты. Әр бала өз отбасы мүшелерімен таныстырып, өздерінің отбасындағы рөлі, міндеті, кішіге қамқор болу, үлкенге көмек беруін түсінді. Сынып сағаты өз деңгейінде өте қызықты өтті.









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено