Бірінші сынып оқушыларының мектепке психологиялық даярлығы
30.09.202029.09.2020 күні Нұр-Сұлтан қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аманова Толенди Советбековнаның жетекшілігімен және И.К.Жарасова, Г.С. Балапанова педагог-психологтерінің ұйымдастыруымен «Бірінші сынып оқушыларының мектепке психологиялық даярлығы» тақырыбында психологиялық-педагогикалық консилиум өткізілді.
Мақсаты:
1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық дайындығын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу қорытындыларымен таныстыру;
1- сынып оқушыларының танымдық процестерінің дамуын, тұлғалық және тұлғааралық қатынастарының психологиялық даму деңгейін арттыру үшін пән мұғалімдеріне психологиялық көмек көрсету.
Психологиялық-педагогикалық консилиум барысында педагог-психологтер бірінші сынып мұғалімдеріне 1-сынып оқушыларының мектепке психологиялық бейімделу деңгейін анықтау мақсатында жүргізген психодиагностикалық зерттеу қорытындыларымен таныстырды. Психодиагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша оқушының мектепке оқуға бейімделу кезінде туындайтын қиындықтар және оны жетілдіру жолдары талданып, оқушылардың таным процестерін арттыру үшін әдістемелік көмек ретінде психологиялық ойын-жаттығулар жинағы ұсынылып, кеңестер берілді.

.jpeg)

.jpeg)

.jpeg)


.jpeg)
Community discussions
Обсуждений не найдено