Аятжан Ахметжанұлының басшылығымен №8 мектеп –лицейінің кітап қоры тағы да құндылығы мол,өресі кең кітаптар тізімімен толысып отыр

30.09.2020

Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына
Иә, кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық.
Бүгінде бағыты айқын, мақсаты нық республикалық «QAZBILIM» қосымша білім беру орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы қазақтың әр баласының дарынды екендігін, балаларға дұрыс бағыт беру парызымыз деп санайтын жанашыр азамат екені баршаға аян. Осы орайда Аятжан Ахметжанұлының басшылығымен №8 мектеп –лицейінің кітап қоры тағы да құндылығы мол,өресі кең кітаптар тізімімен толысып отыр. Баласынан үміт күткен әр ата-ананың мақсатына жету жолында көмек қолын ұсынар бұл кітаптар легі сан сауалдың жауабы іспеттес. Жыл сайынғы ҰБТ-ға дайындықта таптыртмайтын кітаптар енді оқушыларымыз үшін қолжетімді.
Әрқашан еңбегіңізге табыс тілейміз. Жүрегі қазақ деп соққан оқушыларымыз көбейе берсін.


   



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено