"111 шұғыл қызметі" туралы...

14.10.2020

"111 шұғыл қызметі" туралы...

 

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Nur Otan" партиясының отбасы, әйелдер және балалардың құқықтары мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі жанындағы "111 шұғыл қызметі" байланыс орталығы өз жұмысын бастады және барлық мемлекеттік органдармен жедел әрекет ету топтарымен тікелей көмек ұйымдастыруда. Барлық өтініштер "Nur Otan" партиясының өңірлік филиалдарының бақылауында.

«Nur Otan» партиясы жанындағы «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы, зорлық-зомбылық немесе қатыгездік жасалынғандығы туралы хабарлауға немесе біреу балаларға қауіп төндіретін объектіні, мысалы, ашық люкті, қауіпті жоғары вольтты электр желісін, ашық су көзін көргенін хабарлау үшін ашылады. Егер сіз кішкентай баланың қараусыз қалғанын, оған қауіп төніп тұрғанын көрсеңіз, балаға немесе әйелге қатысты қатыгездік, зорлық-зомбылық қолданылуы мүмкін екенін білсеңіз, олардың құқықтарының бұзылып жүргенін білсеңіз, 111 нөміріне қоңырау шалуға күмәнданбауыңызды сұраймыз!


https://youtu.be/qT6fM4aLBZw

https://youtu.be/KOpQZbbMXug





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено