Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

16.12.2020

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні 
 
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде

жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Отанды сүю – ерекше бақыт, ал оның аптабына күйіп, аязына шыдау әркімге бұйыра бермейтін бөлек дүние. Оның жолында оза шапсаң да, шоқтай жансаң да, жанып жатып арманда қалсаң да жарасады. Бұл – ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық.

Халқымыз Тәуелсіздіктің мызғымас тұғырын бекітіп, Мәңгілік Ел болуға бет бұрды. Сол себепті, Тәуелсіздік күні – баршамыз үшін, күллі қазақстандықтар мен әлемнің барлық қиырындағы достарымыз үшін ұлы мереке.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено