Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасы
16.12.2020Тәуелсіздіктің 29 жылдығына орай мектебіміздің мұғалімдері Уйсунбаев Нурмаганбет Наматович және Уйсунбаева Алмагул Кубевна ҚР БжҒ министрі А.Аймағамбетовтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
Нұр-Сұлтан қаласының Әкімдігінің ұйымдастыруымен «Тіл-Қазына» ұлттық жобасына белсенді атсалысқаны үшін ұстаздардың еңбегі бағаланып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты: қала көшелерінде орналасқан көрнекі ақпараттың санының артуына орай олардың тек бір тілде берілуі, дұрыс аударылмауы немесе негізгі мазмұнының сақталмауы секілді заң талаптарын орындамау фактілерінің көптеп орын алуына әкеліп соқтырып отырғанына баса назар аудару.
Ұстаздардың атқарған жұмыстарына алғыс білдіре отырып, марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

Community discussions
Обсуждений не найдено