«Мамандығым мақтанышым» атты 9 сыныптар оқушылары арасында пікір алмасу өтті
17.03.2021Нұр-Сұлтан қаласы «№74 мектеп-гимназия» ЖШҚ МКК 10.03.2020 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік игілігі үшін еңбек»: «Мамандығым мақтанышым» атты 9 сыныптар оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында пікір алмасу іс-шарасы болып өтті. Мақсаты: 9 сынып оқушыларына болашақ кәсіби қызмет саласындағы өзін-өзі анықтау және мамандық таңдау үрдісінде оқушыларға кәсіби бағдардағы демеушілік көрсету.
Пікір алмасу кешіміздің қонақтары мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Кенжегүл Райханқызы, мектеп психолгі Венера Айдосқызы. Мектеп түлектері техникалық колледж түлегі Қаржауов Әділхан, Қоғамдық тамақтану және сервис колледж түлегі Бейсенбек Ерислам.
Кеш 3 кезеңнен тұрды,
1. «Менен сұрақ, сізден жауап».
Қонақтар өздерінің таңдаған мамандықтары туралы, мамандық таңдау жолдары туралы ой бөлісті. Қонақтарға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылды. Жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген , бастаған ісін орындауға табандылық көрсете алатын, мемлекеттің тірегі бола алатындай тұлғаларды қалыптасу мақсатында түсіндірме жұмыстар жүргізді.
2. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
Жаңа заманның мамандықтары - Видео көрсетіліп, болашақтағы сұраныстағы мамандықтар туралы ақпараттармен таныстырылды.
3. «Мамандықты таңдау» практикумы. «Мамандық таңдау формуласымен» мектеп психолгі Венера Айдосқызы таныстырып, оқушыларға мамандық таңдау бойынша кеңес берілді.

Community discussions
Обсуждений не найдено